«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Вознесенка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Тест "Фонетикадан"

07.02.2019

Тест  Фонетика бөліиі

1. Ашық буынды сөзді анықтаңыз.  А) Даңғыл.   В) Танысу.   С) Дәстүр.   D) Ермек.  Е) Мекенжай. 
2. Тұйық буынды сөзді анықтаңыз.    А) Даңғыл.   В) Танысу.   С) Дәстүр.   D) Ер.   Е) Мирас. 
3. Бітеу буынды сөзді анықтаңыз.   А) Даңғыл.  В) Танысу.  С) Отбасы.  D) Ерекше.  Е) Шеше. 
4. Ашық буын сөздерді көрсетіңіз  

A) Аспан, жайлау, жер.   B) Дала, жаға, сары.   C) Ай, ас, мал. D) Үлкен, ұзын, қызық.   E) Орман, тоғай, күз. 

5. Тұйық буын сөздерді көрсетіңіз 
A) Ашық, жабық, қысаң   B) Аң, аш, ар. C) Мереке, той, думан. 
D) Дәптер, мектеп, сынып.   E) Есік,, еден, тақта. 

6. Тек бітеу буын сөздерді көрсетіңіз 
A) Сұлу, жұқа, кіші.  B) Ән, аң, жаңаша. C) Мереке, үлгі, аула. 

D) Дәптер, мектеп, бұлбұл.  E) Оқушы, бала, оқытушы. 
7. Ашық буыннан құралған сөздерді анықтаңыз. 
А) Доп, дәптер.   В) Ана, терезе.   С) Ас, астық.    D) Ұшқыш, кемеңгер.  Е) Тұйық, қатаң, үнді. 
8. Тұйық буыннан құралған сөздерді белгілеңіз. 
А) Ақын, аға.  В) Кеме, теңіз.  С) Ақ, ар.  D) Жас, мұғалім.   Е) Танысу, даңғыл. 
9. Бітеу буыннан құралған сөздерді белгілеңіз. 
А) Аға, ана.  В) Ас, ақ.  С) Кеме, киік.  D) Мектеп, дәптер.   Е) Терезе, дала. 
10. Тұйық буын қалай жасалатынын анықтаңыз. 
А) Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталады.   В) Тек дауысты дыбыстан құралады. 
С) Дауыссыздан басталып, дауыссызбен аяқталады.    D) Тек дауыссыз дыбыстан құралады. 
Е) Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыспен аяқталады. 

11. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.   А) ы    В) а      С) о        Д) у       Е) ә

12. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.

А) І, Ы, Е, И.     В) Е, И, У, О.      С) А, О,Ұ, Ы.      Д) А,Ғ,Ө,Ұ.      Е) О,Ө,Ұ,Ү.

13. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Күшті, үлкен.    В) Ащы, қышқыл.    С) Семіз, ерен.     Д) Тәтті, дәмді.    Е) Тұзды, қатты.

14. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке     В) еріндік, езулік     С) ұяң, қатаң      Д) ашық, қысаң      Е) үнді, жуан

15. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке     В) қысаң, ашық     С) үнді, ұяң     Д) еріндік, езулік     Е) қатаң, ұяң

16. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.  А) а, ұ,ү      В) у, и, і      С) у, і, ы       Д) а, о, е      Е) е, ө, й

17. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.  А) Жазғ….  В) Кәр… .  С) Бөр… к.  Д) М… нез.  Е) Д… мді.

18. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.

А) Қиық.     В) Береке.     С) Сынып.     Д) Қиғызу.      Е) Кітап.

19. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) сынып, парта     В) дәптер, қалам     С) мереке, білім    Д) қыркүйек, қоңырау     Е) кітап, оқушы

20. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.

А) Үнді, қатаң      В) Езулік, еріндік     С) Жуан, жіңішке      Д) Қатаң, ұяң     Е) Ашық, қысаң

21. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз. 

А) Б, в, г, ғ, д, ж, з.   В) П, ф, к, х, қ, т, с.   С) Р, л, й, м, н, ң, у.   D) Ш, щ, х, ч, һ, ц.  Е) Қ, б, й, м, т, с, у. 
22. Дауыссыз дыбыстар түрін анықтаңыз.      Р, л, й, м, н, ң, у. 
А) Қатаң дауыссыз дыбыстар.   В) Ұяң дауыссыз дыбыстар.   С) Жуан дыбыстар. 
D) Жіңішке дыбыстар.   Е) Үнді дауыссыз дыбыстар. 
23. Тек үнді дауыссыз дыбыстан құралған сөзді анықтаңыз. 
А) Ақпан.   В) Көк.   С) Доп.   D) Кесе.   Е) Мейрам. 
24. Үнді дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз. 
А) Құшақ.  В) Шығыс.   С) Жасақ.   D) Арлан.   Е) Шаттық. 
25. Берілген сөздер қандай дауыссыз дыбыстан құралғанын анықтаңыз.   Мейрам, арлан, мол, алаң. 

А) Қатаң дауыссыз дыбыстан.   В) Үнді дауыссыз дыбыстан. 

С) Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан.   D) Қатаң және үнді дауыссыз дыбыстардан. 
Е) Ұяң дауыссыз дыбыстардан. 

26. Сөйлемнен тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз. 
Мейрам кешке жақын келуі қажет. 
А) Кешке.   В) Мейрам.   С) Жақын.   D) Қажет.   Е) Келуі. 
27. Сөз соңы үнді дауыссыз дыбысқа аяқталса жалғанатын қосымша қандай дыбыстан болу керектігін көрсетіңіз. 
А) Үнді немесе ұяң дауыссыз дыбыстан болуы керек.    В) Қатаң дауыссыз дыбыстан болуы керек. 
С) Тек үнді дауыссыздан болуы керек.    D) Тек ұяң дауыссыз дыбыстан болуы керек. 
Е) Қатаң немесе ұяң дауыссыз дыбыстан болуы керек. 
28. Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз. 
А) Ч, х, щ.   В) П, ф, к.   С) Т, с, ш.   D) Ғ, г, д.   Е) Һ, ц. 
29. Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.   П, ф, к, х, қ, т, с, ш, щ, х, ч, һ, ц. 
А) Жуан дыбыстар.   В) Ұяң дауыссыз дыбыстар.   С) Қатаң дауыссыз дыбыстар. 
D) Жіңішке дыбыстар.  Е) Үнді дауыссыз дыбыстар. 
30. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз. 
А) Соқпақ.   В) Барыс.   С) Отан.  D) Ғалым.  Е) Мұра. 
 

 

Просмотров: 1752


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі
Текст