«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Вознесенка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Сабақтан тыс шара «Білгірлер сайысы» 6-сынып

08.02.2019

Сайыстың  мақсаты:

Білімділік:оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге  үйрету;

қазақша  байланыстырып  сөйлеу дағдыларын  қалыптастыру; сұрақтарға

тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу  арқылы оқушылар-

дың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша ,

жазбаша сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік:оқушылардың мемлекеттік  тілге деген құштарлығын арттыру,

отаншылдыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке ,көптілді маман болуға  тәр-

биелеу.

 

Сайыстың жүруі:

1-кезең: «Бәйге»

1.Қазақтың ұлы ақыны кім?

2.Абайдың шын аты кім?

3.Қазақ тілінде неше септік бар?

4.Күз айларын ата

5.Күзде не піседі?

6.Қазақ  ауыз әдебиетінің  түрлері қандай?

7.Бір жылда неше күн бар?

8.Бір ғасырда қанша жыл бар?

 

2-кезең: «Шешуін тап»

Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында  жұмбақ  ұсынылады.

Дұрыс  жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Тұзда бар,суда жоқ.

    Мұзда бар,буда жоқ.

2.Үйде бар,шиде жоқ.

   Күйде бар,биде жоқ.

3.Дәнде бар,елде жоқ.

    Сәнде бар,селде жоқ.

4  Қарғада бар,сауысқанда жоқ.

    Тоғайда бар,аққуда жоқ.

5.  Қазда бар, үйректе жоқ.

     Құрда бар,шілде жоқ.

 

3-кезең:  «Қарлығаш» сөзінен сөз құру қажет,ең аз сөз құрған сайыскер

ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.

 

4-кезең: «Әңгіме құру»

Ұсынылған тақырыптар:

Менің отбасым

Менің досым

Менің мектебім

Менің ауылым

Күзде

 

5-кезең: «Қай септік?»-ойыншылар  берілген  тестердегі сөз тіркестерінен

септікті тіркесті табады.

6-кезең: «Мақалды аяқта».Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.

Өмір-үлкен...

Мектеп-кеме,білім-...

Күлме досыңа,келер...

Ұстаздан  шәкірт...

Күш-білімде,білім-...

 

7-кезең:Жорға»

1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру:

 «Оқушы» сөзінің  синонимі

Республика астанасы-..

Бала оқытатын адам-...

Біздің аудан атауы-...

Еттен дайындалған ұлттық  тағам-...

 «Суффикс» сөзінің аудармасы-

Аптаның бірінші күні-

Тәуелсіздік күні-

Адамды кім емдейді-

Елтаңбаның авторлары-

 

Қорытындылау.

Сөз  әділқазылар  алқасына беріледі.

 

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі
Текст