Құрметті ата-аналар!!!
Бұл
ескертпе сізге арналады, себебі Сіз – балалар мен жасөспірімдерді жыныстық
қатынасқа сұғынбауға және зорлық-зомбылықты болдырмауға көмектесетін бала үшін
ең жақын адамсыз.
Зорлықтан
қашуға болады, бірақ алдымен балаға «Жеті
жоқтың ережесін» игеруге көмектесіңіз:
1.
Далада бөгде адаммен әңгімелесуге және оларды үйге кіргізуге болмайды;
2.
Подъезд бен лифтке бөгде ер адаммен кіруге болмайды. Басқа үлкен адаммен немесе
әйел адаммен кірген жөн.
3.
Үлкен адамдарсыз (ата-ана, мұғалімдер, үлкен туысқандар) бөгде автокөліктерге
отыруға болмайды.
4.
Бөгда адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне немесе басқа жерге шақырған
кезінде келісуге болмайды.
5. Түн
батысымен далада жалғыз қалуға болмайды.
6. Егер
үйде үлкене адамдар болмаса пәтерге кіруге сұранатынбөгде адамдарды (бөгде адам
су, қоңырау шалуға, ата-анаға хат қалдыруға, құжаттарды тапсыруға сұрануы
мүмкін) кіргізуге болмайды.
7. «Тәуекел
тобымен» (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.) тіпті олар алыс
туыстар болса да, олармен байланысуға болмайды.
Қауіпті жағдайда өзін осылай ұстауға ұят емес, қажет деп
түсіндіріңіз!
Баланы «ЖОҚ!» деп жауапқа үйретіңіз:
1. Егер
оған қонаққа кір дегенде немесе үйге дейін жеткізуге, көрші болса да;
2. Егер
оған балабақшаға немесе мектепке ата-ананың алдын ала ескертпеген кезде бөгде
адам келгенде.
3. Егер
ата-ана үйде болмағандабөгде адам үйге жіберуге өтінген кезде.
4. Егер
бөгде адам баламен танысу үшін уақыт өткізу келсе.
5. Егер
бөгде адам дұрыс көшені сұрағанда дүкенге шығарып салам деген кезде.
Балаңыз бірнеше сөйлем жаттасын:
1.
Рахмет, бірақ менің ата-анам бөгда адамдардың үйіне баруға рұқсат етпейді.
2.
Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын.
3.
Менен аулақ тұрыңыз немесе мен қазір айғайлаймын.
Баламен әр түрлі жағдайларды келтіріп жаттығыңыз.
Өз балаңызды үйретіңіз:
1. Үйге
жақындағанда жан-жағына назар аударсын, артында аңдыған біреу жоқпа, егер де
біреу болса есік алдына қарай жақындамасын. Далада 15-20 минут серуендеп, егер
де бөгде ер адам артыңыздан жүрсе ол туралы кездескен үлкен адамға айтсын.
2.
Подъездге кірген кезде сыртқы есікті бірден жапсын (егер есікте код болса).
Көмекке қайда байланысады:
102-
полициға қоңырау;
2-13-87,
2-43-52 – «Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ-нің сенім телефоны;
2-25-48
– Бұланды ауданы прокуратурасының мобильді тобының сенім телефоны;
87162
90-31-25 – Ақмола облысының Білім Басқармасының сенім телефоны.
Өзіңіз қандай көмек көрсете аласыз:
Кішкентай
баланы қараусыз жалғыз далада қалдырмаңыз. Егер сіздің балаңыз мектеп оқушысы
болса, олар өздерінің қайда және кіммен жүргенін айтып жүрсін. Балаңызға
қауіпті жерде қыдыруға, қаңғымалы балалармен достасуға тыйым салыңыз.
Балабақша
қасында, мектеп алаңында, подъезд алдында жшүретін жалғыз ер адамдардан сақ
болыңыз. Бұл туралы полицияға хабарласыңыз. Кейде учаскелік құжаттарды
тексергенде ауданнан әлеуметтік қылмыскер сияқты жоғалады.
Зиянкес
адам кейде көлікте отырып балаларды бақылап отырады. Егер сіз өзіңізге күмәнді көлікті көрсеңіз, көліктің
номерін, түсін, түрін және жүргізуші мен жолаушының бет-әлпетін есте сақтауға
тырысыңыз. Бұл туралы мектеп директоры мен күзетшіге айтыңыз.
Егер
өзіңіз оны қарсы алуға мүмкіндігіңіз келмесе, балаңызға сабақтан, үйірмелерден,
сыныптастарының тобынан кейін қайтуға ұсыныңыз.
Балаңызбен
жақын, жылы және сенімді қатынастар орнатыңыз. Үнемі қатерге түсетін балалар
үйден ата-ананың махаббатын, түсінушілігі аз түседі.