Ашық сабаққа өзіндік талдау
Өткізген ашық сабағым 4 сыныбында өтті. Топта 10 бала. Сабаққа 9 оқушы қатысты. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз. Үлгерімі төмен оқушы, жай сұрақтарға жауап беруге, грамматикалық тапсырмаларды орындағанда көп қиналатын оқушылар да бар.
Алынған тақырыбым «Мемлекеттік рәміздер».
Мақсатым: 4.4.1.1* шағын сюжетті комикс/буклет/
коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру.
Бұл тақырыпты алу себебім, күнтізбелік жоспармен сәйкес келеді, екіншіден, сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті. Алдыма қойған ең негізгі мақсатым - Тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру. Сөз құрамын меңгерту.Оқушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру. Көздеген мақсат - міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Сабақтың барысында «рәміздер» сөзіне ассоциаграмма құрғыздым.
Топтық жұмыс Әр топтың алдына мазайка таратылады суреттерді құрастырап, атау және әр сөздегі әріптерден басталатын сөздер ойластыру. 1-топ «Елтаңба » , 2-топ «Әнұран» «Сергіту сәті», «Ашық жұлдыз» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргіздім. Балалар 2 топқа бөлінді. Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасады, мұғалім тек қана нұсқаушы қызметін атқарады. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланылды. Келешекте өткізетін сабақтарымда басқада стратегиялармен жұмыс істеуді, өзіндік іздену қабілеттерін дамыту жұмыстарын, пәнаралық байланыстарды ары қарай жалғастыруды, жетілдіруді көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Агипа Тасхын